Australian Open. Елена Рыбакина Зарина Диястан басым түсті

1890

Australian Open турнирінің бірінші айналымында қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Зарина Дияс кездесті.

Australian Open. Елена Рыбакина Зарина Диястан басым түсті

Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ші ракеткасы Рыбакина ойынның айқын фавориті саналғанымен, алғашқы сетте тай-брейкте Зарина Дияс 7:6 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Елена матчболға ие болды және 7:6 есебімен алға шықты. Үшінші кезеңде тағы да Елена 6:1 есебімен қарсыласынан басым түсті. Тартысты кездесу 2 сағат 38 минутқа созылды. Қорытынды есеп 6:7 (3), 7:6 (3), 6:1.

Жарыстың екінші айналымында Елена әлемнің 42-ракеткасы швейцариялық Виктория Голубич пен рейтинге 60-орында тұрған қытайлық Чжан Шуай арасында өтетін кездесудің жеңімпазымен сынға түседі.

Сондай-ақ 20 жастағы Петропавл қаласының тумасы Тимофей Скатов Аустралия ашық біріншілігінде алғашқы кезеңде словакиялық Норберт Гомбошқа есе жіберді. Бұл дүниежүзілік рейтингте 255-орында тұрған қазақстандық теннисшінің бірінші "Үлкен дулыға" турнирі болатын. Скатов алғашқы айналымда әлемнің 117-ракеткасы, 31-дегі тәжірибелі словакиялық Норберт Гомбошпен шеберлік байқасты. Бірінші партияда брейк жасаған Гомбош басымдылық танытты – 6:3. Екінішісінде де қарқынын үдете түсті – 6:2. Дегенмен Тимофей үшінші сетте екі брейк жасап, 6:1 есебімен ұтты. Төртінші партияда қазақстандық спортшы брейкпен алға кетті – 4:2. Бірақ қарсыласы таразы басын теңестіріп қана қоймай, матчты брейкпен аяқтады – 6:4.

Дегенмен осы кездесуден кейін Тимофей 75 164 АҚШ доллар сыйақы алады. Бұл оның бар спорттық мансабында иеленген ($69,9 мың) сыйақыдан да көп. Оған қоса әлемдік рейтингтегі орнын біршама жақсартып, 231-орынға дейін көтерілді.

Еске салайық, бұған дейін тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева әйелдер арасындағы жекелей сында жарыстан шығып қалған болатын. Ерлер арасында тек Александр Бублик келесі кезеңге жолдама алса, Михаил Кукушкин мен Тимофей Скатов үшін Мельбурндағы жарыс аяқталды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу