Australian Open: Елена Рыбакинаның алғашқы қарсыласы анықталды

648

Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирінде үшінші ракетка болып тіркелді.

Australian Open: Елена Рыбакинаның алғашқы қарсыласы анықталды Фото: https://t.me/RRaketkasi

Теннистен әйелдер арасында 14-18 қаңтарда өтетін Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина жылдың алғашқы "Үлкен дулыға" турнирінде үшінші ракетка болып тіркелді.

Елена алғашқы айналымда жеребеге сәйкес әлемнің 37-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковамен кездеседі. Одан өтсе, испаниялық Кристина Буча немесе ресейлік Анна Блинкованың біреуімен жолығады.

Қазақстанның екінші, әлемнің 64-ракеткасы Юлия Путинцева іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірімен шеберлік байқасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу