Бұл топтағы екінші ойын Аустрия мен Иордания арасында өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Матч үшін АҚШ-тың Калифорния штатындағы Санта-Клара қаласында орналасқан "Ливайс Стэдиум" аренасы таңдалған.
Енді ойынға ойыссақ. Ойынның 21-минутында аустриялық жартылай қорғаушы Романо Шмид көзге түсті. Екінші таймның басында иорданиялық шабуылшы Әли Олван есепті теңестіріп кетті. Бұл – өз құрамасының әлем чемпионаттарындағы алғашқы голы.
Ал 67-минутта Марко Арнаутович Аустрияны алға шығарса да, VAR тексерісінен соң гол саналмады. Көп ұзамай, яғни 76-минутта Иордания қорғаушысы Язан Әл-Араб өз қақпасына гол соғып алды.
Кездесудің соңғы минуттарында бас төреші Иордания қақпасына 11 метрлік айып добын белгіледі. Оны Марко Арнаутович сәтті орындады. Қорытынды есеп – 3:1.
Осы жеңістен соң Аустрия J тобында Аргентинамен бірдей ұпай жинап, көш басына шықты. Енді екінші турда Аустрия 22 маусым күні Аргентинамен жолықса, Иордания бір күннен кейін Алжирмен алаңға шығады.