Ауыл шаруашылығы техникаcын жасаушыларға лизинг ұсынылады

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
3977

Аграрлық несие корпорациясы отандық ауыл шаруашылық техникасын шығару лизингіне бес миллиард теңге бөледі.

 Ауыл шаруашылығы техникаcын жасаушыларға лизинг ұсынылады

"Аграрлық несие корпорациясы" (АНК) АҚ және несие серіктестігі, лизингтік компания және ауыл  шаруашылық техникасын жасаушылардың қауымдастықтары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Осы құжаттың негізінде АНК Қазақстанда шығарылған ауыл шаруашылық техникасының лизингіне қаражат бөледі.

"Біз лизингтік компаниялар мен несие серіктестіктерін қорландырамыз. Ал олар болса ауыл шаруашылық өндірушілеріне отандық  аспалы және тіркеме жабдықтарды алуға қаржы береді", – деді журналистерге  "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы Нармахан Сарыбаев.

Оның айтуынша, бүгінгі күні ауыл шаруашылық өндірушілері дәл осы аспалы тіркеме жабдыққа  үлкен тапсырыс жасап отыр. Сонымен қатар бұл жабдықты өндіру технологиясы өте оңай  және оны жылдам жергіліктендіру деңгейіне жеткізуге болады.

"Бүгінгі күнге дейін отандық бизнеске ынталандыру жетіспей келді. Олардың өнімін арзан қорландыру арқылы өткізуді ынталандыру жетпей тұрған. Біз осы проблеманы шештік. Сондай-ақ өндіріс қуатын арттыруға да қаражат жетіспеді. Бұл проблеманы да Ұлттық қордың қаражаты есебінен жеке қарастырып жатырмыз. Қаржы несие түрінде беріледі, оларды сатып алуға, қуатын ұлғайтуға, айналым қаражатын арттыруға қаржы бөлеміз",– деп түсіндірді Нұрмахан Сарыбаев. 

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-пен жасалған келісім шеңберінде отандық өндірістен шыққан ауыл шаруашылық техникасын сатып алуды қаржыландыру үшін несие серіктестіктері мен лизингтік компанияларға бес миллиард теңге бөлінеді. Фермерлер үшін соңғы мөлшерлеме жылдық 5,5%-дан аспайды, несиені беру мерзімі негізгі қарызды және пайызды жеңілдетілген қаржылындыру кезеңімен 60 және 12 айға дейін беріледі.

"Бүгінгі таңда ауыл шаруашылық техникасын жинауға шектеу қойып отырғанымыз жоқ, кез келген өтінімді қабылдаймыз. Мұны Ұлттық қордан қаржыландырамыз, лимит бар (15 млрд теңге), өтінім түсіп жатса, ақшаның болуына қарай қаржыландыратын боламыз", – деп түсіндірді АНК басшысы.  

Ал ауыл шаруашылық машиналарын жасау одағының төрағасы Серікбай Чегеев тап қазіргі уақытта ауылшаруашылық машина жасайтын кәсіпорындарды жерсіндіру 40%-дан 80%-ға дейінгі деңгейді құрап отырғандығын айтты.

"Біз оны 95%-ға дейін жеткізуге тырысамыз", – деп атап өтті ол.

"Соңғы бес жылды осы сегментте ашылған кәсіпорындар 30%-ға дейін жүктеліп отыр, – деді Чегеев. – Сондықтан бұл біздің кәсіпорындарымызға өз қуатын жылдам арттыруға көмектеседі. Бұл өте қысқа мерзімде іске асады, бес жыл ішінде көлемді өсіре аламыз деп ойлаймын".

Гүлназ Ермағанбетова, Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу