Ауыл шаруашылығында Аргентинамен әріптестік орнады

5537

Салада ғылыми жаңалықтарды енгізудің маңызы сөз болды.

Ауыл шаруашылығында Аргентинамен әріптестік орнады

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Аргентина ұлттық ауылшаруашылық технологиялар институты арасында ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен Аргентинаның ұлттық ауылшаруашылық технологиялар институты президенті Х.И. Балбин, Аргентина ұлттық денсаулық сақтау және  азық-түлік сапасы қызметі (SENASA) президенті Р.Л.Негридің кездесуі аясында өзара әрекеттестік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында аграрлық салаға ғалымдарды белсенді тарту туралы айтқан тапсырмасы аясында өтті, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Министрліктің мәліметінше,  Аргентинаның егіншілік, мал шаруашылығы, балық аулау және азық-түлік министрлігіне бағынышты мемлекеттік орталықтандырылған ұйым болып табылады.

Ғылыми тақырыптарды қаржыландыру негізінен бизнес қаражаты есебінен жүзеге асырылады, ол ғылыми әзірлемелерге тапсырыс беруші болып табылады және тиісінше оларды енгізуге мүдделі.

Жаңа агротехнологияларды пайдалану есебінен Аргентина соңғы 10 жылда елдегі астық өнімінің көлемін 2 есеге дейін арттырып, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын елдің барлық экспортының 55%-ына дейін жеткізді.

Бұл – Аргентина үкіметіне АӨК-ті тікелей субсидиялаудан "жасыл себеттен" мемлекеттік қолдау шараларына көшуге мүмкіндік берді, ол аграрлық бизнесті ғылыми қолдау, фермерлерді оқыту, консультациялар.

Кездесу барысында өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытуды ғылыми-техникалық қолдау, фермерлік шаруашылықтарды дамытуды ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету, инновациялық технологияларды енгізу кезінде тәжірибе алмасу, ветеринария және т. б. мәселелер талқыланды.

Сапар барысында қонақтарды "Асыл түлік" ЖШС, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, А.И.Бараев атындағы ҒПО астық шаруашылығы қызметімен таныстырды.

Айта кетерлігі, Аргентина бүгінгі күні әлемнің дамыған аграрлық елдерінің қатарына кіреді және азық-түлік пен агроөнеркәсіптік тауарлардың әлемдік өндірушісі болып табылады.. Аргентина ауыл шаруашылығы ауқымды және әртүрлі. Халық саны 40 млн адам болатын ел 400 млн адам үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреді, яғни әрбір аргентиналық планетаның 10 адамын тамақ өнімдерімен қамтамасыз етеді.

Аргентина бүгінгі таңда халықаралық нарықта орын алып отырған жағдайдың басым бөлігі ұлттық ауыл шаруашылығы технологиясы институтының (ИНТА) көмегімен өндіріске жаңа озық технологияларды енгізуді қоса алғанда, аграрлық ғылымның жетістіктеріне негізделген. ИНТА Аргентинаның егіншілік, мал шаруашылығы, балық аулау және азық-түлік министрлігіне бағынатын мемлекеттік орталықтандырылған ұйым болып табылады және корпоративтік және қаржылық тәуелсіздікке ие.

Шаруашылықтарда кез келген жаңа технологияны енгізу кезінде фермерлер үшін ИНТ-тың пікірі үлкен маңызға ие. INTA қызметінің арқасында Аргентина Мемлекеттік дотацияларға негізделмеген ауыл шаруашылығының ең тиімді жүйесін құрды, өйткені "тұрақты дағдарыстар елінде" дотация мен субсидияға ақша жоқ.

Аслан Қажен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу