Ауыр атлет Аянат Жұмағали Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

279

Қазақстандық ауыр атлет Аянат Жұмағали Жапонияның Айчи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.

Ауыр атлет Аянат Жұмағали Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды Фото: Туризм және спорт министрлігі

Отандасымыз әйелдер арасында 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол жұлқа көтеруде 109 келіні, ал серпе көтеруде 137 келіні еңсерді. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша 246 келі көтеріп, 2-орынға тұрақтады.

Осылайша, Аянат Жұмағали Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарының күміс жүлдесін салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу