Ауыр атлет Любовь Ковальчук әлем чемпионатында алтыншы орынға ие болды

168

Қазақстандық ауыр атлет Любовь Ковальчук Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады.

Ауыр атлет Любовь Ковальчук әлем чемпионатында алтыншы орынға ие болды Фото: olympic.kz

Отандасымыз 86 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қоссайыстың қорытындысы бойынша алтыншы орынға тұрақтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ковальчук жұлқа көтеруде 116 келіні бағындырса, серпе көтеруде 147 келіні еңсерді. Осылайша, спортшының жалпы нәтижесі 263 келіні құрады.

Бұл салмақта Қытай өкілі Ли Янь 317 келі (147+170) нәтижесімен әлем чемпионы атанды. Оңтүстік Корея спортшысы Пак Хе Джон 286 келімен күміс медаль иеленсе, оның отандасы Ким Хе Ен 277 келіні көтеріп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу