Қазақстандық ауыр атлет Бексұлтан Айтбай Аичи-Нагоя-2026 XX жазғы Азия ойындарында өнер көрсетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бексұлтан Айтбай жұлқа көтеруде 135 келіні еңсерді. Ал серпе көтеруде 177 келі зілтемірді бағындырды. Осылайша, екі сайыстың нәтижесі бойынша 312 келіні көтерген қазақстандық спортшы жетінші орынға тұрақтады.
Алтын медальді 366 келі көтерген Индонезия өкілі Рахмат Эрвин Абдулла жеңіп алды. Күміс жүлде 365 келі нәтижесімен Таиланд спортшысы Веерапон Вичумаға бұйырды. Солтүстік Корея өкілі Ри Чон Сон 357 келі нәтижесімен қола жүлдеге ие болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу