Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына Қазақстан атынан 7 спортшы қатысады

120

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына Қазақстан атынан 7 спортшы қатысады Фото: insports.kz

27 қазан мен 8 қараша аралығында Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Байрақты бәсеке 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеудің алғашқы ресми кезеңі саналады. Биылғы әлем чемпионаты жаңартылған салмақ дәрежелері бойынша ұйымдастырылады.

Қазақстан құрамасы сапында төрт ер және үш әйел спортшы өнер көрсетеді.

Ерлер арасында:

 75 келіге дейін – Петр Хребтов;

 85 келіге дейін – Едіге Емберді, Алексей Чуркин;

 95 келіге дейін – Нұрғиса Әділетұлы;

 110 келіге дейін – Артем Антропов.

Әйелдер арасында:

 77 келіге дейін – Аянат Жұмағали;

 86 келіден жоғары – Любовь Ковальчук.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу