banner

Автокөлікті қолдану парагдимасы өзгеруде

Артур Мискарян Артур Мискарян
11474

Автокөлікті қысқа мерзімге жалға беру және Uber  компаниясының такси нарығындағы қызметі жайында Uber компаниясының ТМД елдеріндегі бас менеджері Алексей Стах әңгімеледі.

Автокөлікті қолдану парагдимасы өзгеруде

Автокөлікті қысқа мерзімге жалға алу, яғни каршеринг қоғамдық көлікке балама ретінде 90-жылдардың соңында Еуропада қолданыла бастаған. Каршеринг сервисі бойынша автокөлікті бір бекеттен алып, екінші бекетке өткізуге болады. Клиент сервисті қолдану үшін  тіркеуден өтіп, арнайы карта алады. Мұндай сервис Қазақстанда да жұмыс істейді. Uber  компаниясы бірнеше қалада мобилді қосымша арқылы каршеринг қызметін жүзеге асыруда. Қызмет көрсету бекетінсіз-ақ мобилді қосымша арқылы өз көлігіні жалға беруге немесе басқаның көлігін жалға алуға болады. Сонымен қатар, есеп айырысу банк картасы арқылы онлайн-тәртіпте жасалады. 

 -  АҚШ пен ТМД елдеріндегі каршерингтің айырмашылығы неде?

 -  Каршеринг дегеніміз - азаматтың өз автокөлігін қосымша қолдану мүмкіндігі. Америкада мұны тіркеуден өтпей-ақ, жеке кәсіпкер ретінде жасауға болады. Ал ТМД елдеріндегі каршеринг жұмысының негізгі талаптарының бірі - жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден өту. Себебі, бұл - платформада ыңғайлы жұмыс істеу мен жүйелі табыс табудың көзі болып табылады. Жұмыс істеудің көрсетілген міндетті сағат саны жоқ, уақытқа да шектеу қойылмаған. Әркім өзіне-өзі бастық, өзінің автокөлігіне салған қаражатты қайтарып алу үшін  платформада жұмыс істеу  уақытын да әркім өзі белгілейді.  

- ТМД елдерінде каршеринг бойынша қолданылатын автокөлікті сақтандыру мәселесі қалай шешілмекші?

 -  Мәселе оңай шешіледі. Бұл жағдайда сақтандыру механизмі өте жақсы жұмыс істейді және каршеринг бойынша қолданылатын автокөлікке нұқсан келтірілген жағдай да қарастырылады.

- Uber компаниясы автокөлік шығарушы компаниялармен жұмыс істейтін болады дегенді естідік. Бұл ынтымақтастық қалай іске аспақшы?

 - Іс жүзінде өндіруші де, жеке тұлға да және платформа да бар. Uber компаниясы арқылы табыс тапқысы келетін адамға алдымен автокөлік алуға пайызсыз несие беретін өндірушіге барып көлік алып, содан кейін сол несиеңді жабу үшін платформада жұмыс істе дейміз. Несие беру немесе лизинг – бұл жерде ең маңыздысы емес. Ең бастысы - ол жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек, әйтпесе, платформада жұмыс істей алмайды. Себебі, ол табыс табады, яғни салық төлеуге тиіс.

-  Автокөлігін каршеринг бойынша қолдануға кімдер жиі береді ?

 -  Дағдарыс уақытында жұрт қолындағы барынан қалайша қосымша табыс табуды көбірек ойлайды. Көбінесе жұмысы жоқ, бірақ көлігі бар және ақша тапқысы келетін жұрттың үлкен  сұранысын көріп отырмыз. Екі ай ішінде платформада жұмыс істегісі келетін  бес жүзге жуық кәсіпкер тіркелді.  

 - Таксистер Uber сияқты сервистерге шағымдануда. Сіз бұған қалай қарайсыз?

 -  Біз өзімізді таксидің бәсекелесі деп қарастырмаймыз, тек көліктік инфрақұрылымға қосымша болып табыламыз. Біз таксиді қолданғысы келмейтін адамдардың қозғалысына жақсы мүмкіндік береміз. Біздің қызметімізді қолданушылардың арасында түрлі себепке байланысты таксиді мүлдем қолданып көрмеген, бірақ та біздің платформамызды қолдана бастаған адамдар бар. Бұған қарап Uber компаниясының нарыққа келуімен нарыққа қатысушылардың барлығы үшін жолаушыларды тасымалдау нарығының өскенін байқауға болады. Шын мәнісінде, сервистің жақсаруымен баға да бәсекеге қабілетті бола бастайды. Нәтижесінде сұраныс өсіп, қолданушылар бағаны нақтылай түседі, ал бұл жағдай іске асқанда адамдар қызметті қолдана бастайды. Осылайша, нарық барлық қатысушы үшін бірдей өседі.

- Яғни, Uber компаниясының келуімен  такси нарығы өсті дейсіз ғой?

 -  Мен басқаша болу мүмкін екенін көріп отырған жоқпын. Бұл жайында жиі естіп жүрміз, алайда, бұған дәлел болатын нақты санды көріп отырғаным жоқ.  Ал бірақ тасымалдау нарығының өскенін байқап отырмыз. Егер біздің қызметімізді қолданушы қым-қуыт уақытта біздің қызметімізді қолдана алмаса, онда такси шақыра алады. Яғни, бірі екіншісіне еш кедергі болмайды, керісінше - бірін-бірі толықтырады деуге болады. Біз сервисті жақсартып, бағаларды тиімді етеміз, ал бұл біздің қызметімізді қолданушыға көп пайда әкеледі. Қазіргі уақытта автокөлікті қолданудың парадигмасы мен тұтынушының түсінігі өзгерді. Яғни, тұтынушы өзіне жеке көліктің не үшін қажет екенін ойлайды.

Осындай түсініктің қалыптасуы нәтижесінде тұтынушының апта бойына жоспарлаған сапары өзгереді. Ол өз көлігімен жүргенше, платформаны қолданғанды жөн көреді. Сөйтіп, өзінің жеке көлігін каршеринг бойынша пайдалануға бере алады. Өкінішке орай, сұраныстың барлығын үнемі қанағаттандыра алмаймыз. Сол кезде сұраныс  бойынша такси өз жұмысын істей алады.  Яғни, біз жұрт ойлағандай бір-бірімізге кедергі жасамаймыз, керісінше бір-бірімізді толықтыратын элементпіз.

-  Сіздердің Қазақстандағы жоспарларыңыз қандай?

 - Біз ғаламдық платформамыз және қай жерде жұмыс істесек те табысқа қол жеткіземіз. Қазіргі күні әлемдегі ең тез өсіп келе жатқан компаниямыз және мұны біздің инвесторларымыз да бағалап отыр. Бұдан бес жыл бұрын бес жүзден астам қалада өз жұмысымызды бастағанбыз. Бизнесті мұндай қарқынмен кеңейтуді бұған дейін ешкім көрген емес. Басқа жерлердегі сияқты Қазақстандағы жоспарымыз да осындай. Біз барлық жерде сұраныс таптық және біздің платформамыз үнемі жаңа қолданушыларды табады.

 Артур Мискарян

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу