Автоөнеркәсіп саласындағы елеулі оқиғалар

2842

"ҚазАвтоӨнеркәсіп" автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы елдегі автокөлік өндірушілердің 11 айдағы жұмысының қорытындысын жария етті.

Автоөнеркәсіп саласындағы елеулі оқиғалар

Олег Алфёров, "ҚазАвтоӨнеркәсіп" автокөлік саласының кәсіпорындар одағының басқарма төрағасы:

"Формалды тұрғыдан алып қарайтын болсақ, жылдық көрсеткіш көңіл көншітпейді. Бірақ жүк машинасы сегментіндегі құлдырау тоқтап, өсім байқалды. Елдегі жеңіл көлік шығарушы ірі кәсіпорын да екінші жартыжылдықта 44% өскен. Шетелдік автокөліктерге қарағанда, өзімізде құрастырылған автокөліктер сұранысқа артып отыр. Бұл көбінесе жеңілдетілген автокөлік несиелерінің мемлекеттік бағдарламасының арқасында іске асып, жалпы қоржын көлемі 31 млрд теңгеге жетті.

11 айдың қорытындысы бойынша авто өнеркәсіп кәсіпорны еліміздің жалпы ішкі өніміне 61,5 млрд теңге пайда түсірді. Автоөнеркәсіп саласынан түскен салық 17 млрд теңгеден асты. Жыл басында тариф режимінің өзгеруі елімізде шығарылатын сұранысқа ие модельдер желісін айтарлықтай кеңейтті. Автокөлік зауытында туындаған ұсыныстар осы саланы дамытудың негізгі факторы болады".

Өндіріс динамикасы

2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша елімізде 61,5 млрд теңгеге 10125 автокөлік шығарылған. Яғни, өткен жылғы көрсеткіштен 22%-ға аз. Еліміздің кәсіпорындарында шығарылған жүк көліктерінің саны 8%-ға артса (1431), автобус 10,8%-ға кем шығарылған (174). Нарықтағы белсенділіктің күрт төмендеуі – 2015-2016 жылдардағы автоөнеркәсіп өндірісінің қысқаруына негіз болып отыр. 2016 жылдың 11 айында ресми дилерлер 38,8 мың жеңіл көлік сатып, былтырғы жылмен салыстырғанда 56%-ға төмен көрсеткіш көрсеткен.

Дегенмен, екінші жартыжылдықтың алдын-ала қорытындысына қарасақ, өндірістің қарқын алғанын аңғарамыз. Өскемендік "АЗИЯ АВТО" ірі кәсіпорны жақсы көрсеткішке қол жеткізіп отыр. 2016 жылдың маусым-қараша айында кәсіпорын 2369 автокөлік шығарған. Былтырғымен салыстырсақ, 44%-ға жоғары.

Автокөлік нарығы

Отандық зауыттар 2016 жылдың қаңтар-қараша аралығында 10 369 автокөлік өткізген. Автокөлік құрастыру үлесі 11 айда 25,3%-ға жетті, былтыр осы кезеңде 17,6% болған. Бұл көрсеткіш қараша айында 31%-ға жетті.

Қазақстандағы зауыттар арасында бірінші орынды 5859 автокөлік сатқан, отандық "Азия Авто" компаниясы алып отыр. Екінші орында "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" ЖШС-і, ол 3063 автокөлік сатып, кәсіпорын үлесі 29,5% болды. Одан әрі рейтингте "АгромашХолдинг" АҚ, "Hyundai Auto Truck & Bus" ЖШС, "КАМАЗ-Инжиниринг" АҚ, "СемАЗ" АҚ орналасқан.

11 айда сұранысқа ие болған жеңіл көліктердің бестігі – Lada, Kia, Hyundai, Skoda, Chevrolet. Ал отандық кәсіпорындар ұсынған көліктер тізіміне JAC, Peugeot, Geely, Toyota және SsangYong кірген. Жергілікті өндірістен шыққан жеңіл көліктер рейтингін Lada 4x4, Hyundai Elantra, Kia Sportage, Lada Granta бастап тұр.

Автоөнеркәсіп кәсіпорындарының еліміздің ЖІӨ құрылымына қосқан үлесі 61,5 млрд теңгеге жетіп, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп саласын басып озған. Елдегі автокөлік шығарып сататын кәсіпорындар бюджетке 17,4 млрд теңге салық төлеген. Мемлекеттік кіріс комитетінің мәліметіне сүйенсек, 11 айда "БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО" холдингі мемлекеттік қазынаға 3,9 млрд теңге құйып, ең ірі салық төлеуші болған. Сонымен қатар, салықтық төлем көлемі жөнінен үштіктер қатарына "Toyota Motor Kazakhstan" және "Astana Motors" кірді.

Елеулі оқиғалар

Осы жылдың қаңтар айында жеңілдетілген автокөлік несиелерінің мемлекеттік бағдарламасының екінші траншы аясында несие беру басталып, бағдарламаға қатысушылар Hyundai, KIA, Skoda сияқты брендтерге таңдау жасады. Ал маусым айында Өскемендегі "АЗИЯ АВТО" компаниясы седан LADA Granta, әмбебап LADA Kalina және жол таңдамайтын LADA 4x4 5d көліктерін шығаруды бастады.

Сондай-ақ Қостанайдағы "Сарыарқа Авто Өнеркәсіп" кәсіпорны JAC электромобильдерінің алғашқы партиясын шығарды. 2016 жылдың 19-21 қазанында Мәскеуде әлемнің 39 елінің автокөлік өнеркәсібінің ұлттық кәсіпорындар қауымдастығын біріктіретін OISA Бас ассамблеясы – автокөлік өндірушілердің халықаралық ұйымының кезекті сесиясы өтті.

Алдағы уақытта өтетін бас ассамблея барысында "ҚазАвто Өнеркәсіп" одағына автокөлік өндірушілердің халықаралық ұйымында Қазақстанның автокөлік өнеркәсібінің толыққанды өкілі ретінде қатысушы ұлттық бірлестік мәртебесі берілді. Отандық автокөлік өндірісі тарихында Қазақстан еуропалық экономикалық комиссия бекіткен автокөлік қауіпсіздігінің нормаларын әзірлеуге қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться