"Қайрат" Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады

123

"Левски" екі матчта да басым түсіп, жарысты жалғастыратын болды.  

"Қайрат" Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады Фото: kaz.inform.kz

Алматылық "Қайрат" футболдан UEFA Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде "Левскиге" (София, Болгария) қарсы қарымта кездесуде жеңіліп, турнирден шығып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістандағы "Түркістан Арена" стадионында өткен матчта "Қайрат" алғашқы минуттардан есепті теңестіруге ұмтылды. Алғашқы ойында алматылықтар 0:1 есебімен жеңілген болатын.

Алайда 13-минутта "Левски" шабуылшысы Рейналдо есеп ашып, қонақтарды алға шығарды. Бірінші таймның қалған бөлігінде "Қайрат" бірнеше шабуыл ұйымдастырғанымен, болгариялық клубтың қорғанысын бұза алмады.

Екінші таймда алматылық команда шабуылды күшейтіп, қарсылас қақпасына қауіп төндірді. Дегенмен "Левски" футболшылары қорғаныста сенімді ойнап, есепті сақтап қалды.

Осылайша матч 0:1 есебімен аяқталды. Екі ойынның қорытындысы бойынша "Қайрат" 0:2 есебімен жеңіліп, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде жарыстан шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу