Турнирдің бірінші жартысының қорытындысы бойынша ең көп табыс тапқан команда – "Манчестер Сити" клубы. Ағылшындық команданың табысы 70,1 миллион еуро. Екінші орында француздық "Пари Сен-Жермен" (69,99 млн еуро). Ал үшінші орында – мюнхендік "Бавария" (69,04 млн еуро).
Бірінші ондыққа кірген клубтар: "Ливерпуль" (67,43), мадридтік "Реал" (66,35), "Челси" (64,40), "Арсенал" (64,06), "Боруссия" (60,32), "Интер" (59,97) және "Барселона" (59,83).
Алматылық "Қайрат" 20,95 миллион еуро табыспен тізімде соңғы – 36-орында тұр. Алайда қазақстандық клубтың алда әлі төрт матчы бар.
Айта кетейік, үшінші турда "Қайрат" Чемпиондар лигасындағы алғашқы табысын – кипрлік "Пафоспен" тең ойнағаны үшін 700 мың еуро иеленген болатын. УЕФА негізгі кезеңге шыққан клубтарға 18 620 000 еуро, жеңіс үшін 2 100 000 еуро, ал тең нәтиже үшін 700 000 еуро төлейді.
Плей-офф кезеңінде сыйақы көлемі айтарлықтай өседі. Өтпелі матчтарға қатысқан командалар 1 миллион еуро алады. Ал 1/8 финалға шыққан клубтарға 11 миллион еуро көлемінде сыйақы беріледі.