Азамат Дәулетбеков күрестен Азия чемпионатының финалына шығу үшін күреседі

119

Қазақстандық еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Азамат Дәулетбеков күрестен Азия чемпионатының финалына шығу үшін күреседі Фото: olympic.kz

Ол 92 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға жолдама алды.

Ширек финалда Дәулетбеков моңғолиялық Бат-Эрдэнэ Бямбасүрэнді 3:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін 86 келіге дейінгі салмақта Болат Сақаев та жартылай финалға шыққан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу