Азаматтардың игілігі үшін барлық жағдайды жасау аса маңызды – Қасым-Жомарт Тоқаев

1131

Біз халықтың тілегі мен заман талабына сай тиімді мемлекет құруға міндеттіміз.

Азаматтардың игілігі үшін барлық жағдайды жасау аса маңызды – Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты ұлықтау рәсімінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз халықтың тілегі мен заман талабына сай тиімді мемлекет құруға міндеттіміз. Бұл – маңызды тарихи міндет. Мемлекеттік қызметке нақты сектордан меритократия және ашық бәсекелестік қағидаттарына сай іріктеуден өткен жаңа басқарушы азаматтарды аламыз", – деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы Президенттік кадр резервінің мүшелерін белсенді түрде тартылатындығын да атап өтті.

"Біздің басты байлағымыз – адам. Сондықтан азаматтардың игілігі үшін барлық жағдайды жасау аса маңызды. Еліміз даму жолында, негізінен, өз күшіне сенеді. Сонымен қатар шетелден тікелей инвестиция тарта отырып, түрлі саладағы халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу