Қазақстан ОПЕК+ келісіміне адалдығын растап, міндеттемелерін орындай береді

379

Қазақстан Энергетика министрлігі ОПЕК+ келісімі шеңберіндегі серіктестікке жоғары баға беріп, бұл форматты әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығын сақтауда маңызды құрал деп есептейді. 

Қазақстан ОПЕК+ келісіміне адалдығын растап, міндеттемелерін орындай береді Фото: РИА Новости

Министрлік елдегі мұнай өндірісін реттеу сыртқы қысымның нәтижесі деген кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпараттарға байланысты ресми түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

 - Қазақстан Республикасы ОПЕК+ келісімі бойынша алған міндеттемелерін толық орындайды және жаһандық энергетикалық нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді. Мұндай келісімдерге адалдық – еліміздің энергетикалық саясатының бір бөлігі, - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство сыртқы қысым туралы болжамдарды негізсіз деп, бұл мәлімдемелерді ресми түрде жоққа шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу