Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарының финалына шықты

Бұл туралы Туризм жəне спорт министрлігі хабарлады.  

Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарының финалына шықты Фото: t.me/sport_comiteti

Азия ойындары аясында қазіргі бессайыс жарысының ерлер арасындағы жартылай финал мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жартылай финалдың "А" тобында Тихон Варехин барлық сынның қорытындысы бойынша, 1520 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды.

Ал Темірлан Абдраимов 1507 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады. "В" тобында Кирилл Стадник 8-орынға жайғасса, Лев Чувашов 6-орынды иеленді.

Осылайша, 4 спортшымыз да жарыстың шешуші кезеңіне өтіп отыр. Ақтық айқас 20 қыркүйек күні ұйымдастырылады.

Бұған дейін Азия ойындарында қазақстандық волейболшылардың ширек финалына шыққанын жаздық. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу