Оның айтуынша, бұған дейін мұндай форматтағы келіссөздер Түркияда және Швейцарияда өткен.
"Егер Ресей дипломатияға дайын болса, келесі келіссөздер Әзербайжанда да өтуі мүмкін", – деді Зеленский.
Президент бұл туралы Әзербайжан басшысы Ильхам Алиев пен өткен бірлескен мәлімдеме барысында айтқан. Кездесуде Украинадағы соғысты бейбіт жолмен реттеу мәселесі талқыланған.
Сондай-ақ, тараптар түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты көздейтін бірнеше құжатқа қол қойғаны хабарланды.
Бұл – Зеленскийдің Әзербайжанға жасаған алғашқы ресми сапары және екі президенттің жетінші кездесуі.