Әзербайжаннан Жапонияға мұнай тиеген алғашқы танкер жетті

504

Бұл туралы Жапонияның қоғамдық теледидары хабарлады.  

Әзербайжаннан Жапонияға мұнай тиеген алғашқы танкер жетті Фото: japantimes.jp

Жүкті елдегі ең ірі жанармай құю станциялары желісінің ірі операторларының бірі жапондық ENEOS Holdings компаниясы сатып алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, бұл Иран төңірегіндегі жағдай ушыққалы Әзербайжаннан мұнай тиелген танкердің Жапонияға алғаш рет келуі.

Жапондық БАҚ мәліметінше, кеме шамамен 45 мың килолитр мұнай жеткізген. Бұл Жапонияның күнделікті тұтыну көлемінің 16%-ына тең. Бұл жеткізілім Ормуз бұғазында кеме қатынасына төніп тұрған қауіп-қатерлерге байланысты энергиямен жабдықтауды әртараптандыру саясатының бөлігі аясында іске асырылып отыр.

Жапон билігі бұған дейін елде жеткілікті мұнайдың стратегиялық қоры мен балама жеткізу жолдары бар екенін мәлімдеген еді.

Наурыз айынан бастап Жапония өзінің мемлекеттік қорынан мұнай сата бастады. Ішкі нарыққа елдің 45 күндік қажеттілігін жабуға жеткілікті көлем жіберілді. Ішкі отын нарығын тұрақтандыру үшін мұнай көтерме саудагерлерге нарықтағы бағадан да төмен сатылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу