Азиада-2026: Диана Ержанова триатлоннан 17-орын алды

117

Қазақстан құрамасының өкілі Диана Ержанова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында триатлоннан әйелдер арасындағы жекелей сында өнер көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Азиада-2026: Диана Ержанова триатлоннан 17-орын алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы қашықтықты 1 сағат 4 минут 13 секундта бағындырып, 17-орынға тұрақтады.

Жарыста Қытай өкілі Линь Минъюй 57 минут 37 секунд нәтижесімен жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді. Тағы бір қытайлық спортшы Хуан Аньци 57:58 уақыт көрсеткішімен күміс жүлдеге қол жеткізді. Қола медальді 58:36 нәтижесімен жапониялық Манами Хаяси жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу