Қазақстан құрамасы С тобындағы екінші матчта Филиппинге қарсы ойнады. Ойын 78:109 есебімен Филиппин құрамасының жеңісімен аяқталды.
Осылайша Қазақстан құрамасы екінші мәрте жеңіліс тапты. Алғашқы ойында қазақстандық баскетболшылар Қытай құрамасына 61:99 есебімен есе жіберді. Ал Филиппин құрамасы Азия ойындарындағы алғашқы кездесуін Бахрейнге қарсы өткізіп, 85:89 есебімен ұтылды.
Енді отандастарымыз келесі матчын 14 қыркүйекте Бахрейн командасына қарсы өткізеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу