Әзірге төртінші орындамыз

1942

Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені шаңғышы Елена Коломина салды.

Әзірге төртінші орындамыз

Жапонияның Саппоро қаласында Қысқы Азия ойындары басталды. Жарыстың алғашқы екі күнінің нәтижесі бойынша Қазақстан жалғыз күміс медальмен төртінші сатыда тұр.

Көш басында – Оңтүстік Корея. Бұл елдің спортшылары 6 алтын, 3 күміс, 5 қола жүлде жеңіп алды. Жарыс иелерінің еншісінде 12 жүлде (3, 5, 4) бар. Үздік үштікті Қытай 9 медальмен (3, 3, 3) түйіндеп тұр.

Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені шаңғышы Елена Коломина салды. Ол классикалық спринтте қытайлық Дандан Маннан мәреге 5,06 секунд кеш жетті.

Отандастарымыздың нәтижелері мынадай:

Шаңғымен жүгіру. Ерлер. Спринт. Сергей Малышев – 6, Николай Чеботько - 8

Коньки. Ерлер. 500 метр. Роман Креч – 4 орын, Станислав Палкин – 12, Федор Мезенцев – 13, Артем Крикунов – 14

5000 метр. Дмитрий Бабенко - 5

Әйелдер. 1500 метр. Екатерина Айдова – 8, Мария Сизова – 14

3000 метр. Елена Урванцева – 10, Надежда Сидельник – 11

Шорт-трек. Әйелдер.  1500 метр. Ким Йоң А мен Ольга Тихонова В финалына ғана шықты.

Ерлер. Еркебұлан Шамұханов – 5 орын

Сноуборд. Әйелдер. Алып слалом. Ксения Тупик – 9, Дарья Слободкина – 10

Ерлер. Роллан Садықов – 14, Владислав Зуев – 16

Хоккей. Әйелдер. Қазақстан – Жапония – 0:6, Қытай – Қазақстан – 8:3

Есіл Еркебай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу