Азия балалары. Ұлттық құрама хоккейшілері жалпы есепте 5-нәтиже көрсетті

1222

Новокузнецк қаласында "Азия балалары" II қысқы халықаралық спорт ойындары аясында хоккейден турнир аяқталды.

Азия балалары. Ұлттық құрама хоккейшілері жалпы есепте 5-нәтиже көрсетті

Жарысқа қатысушылардың бірі "Барыс" жасөспірімдер спорт мектебінің өкілдерінен құралған 15 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы болды. Бірінші кездесуде Георгий Верещагин шәкірттері Қиыр Шығыс федералды округінен келген қарсыластарынан 3:7 есебімен жеңіліп қалды. Қазақстан құрамасы сапынан Әмір Альпкарин мен Әлішер Сәркенов гол соқты.

Бірақ, Саха Республикасының командасымен өткен тартысты кездесуде қазақстандықтар 11:0 есебімен жеңіске жетіп, өз мүмкіндіктерін толық пайдалана алды. Бұл ойында Айтуар Нұржанов дубль авторы атанса, Әлішер Сәркенов пен Бексұлтан Мақыш тагол соқты.

Кузбасс командасымен өткен кездесуде ел құрамасы екі доп айырмашылығымен алға шыққанымен, басымдылығын сақтай алмады. Үшінші кезең аяқталуға 16 секунд қалғанда қазақстандықтар шешуші шайбаны жіберіп алды. Осы кездесуде 3:2 есебімен қарсыластар жеңіске жетті. Кезекті ойында Ұлттық құрама сапынан Әлішер Сәркенов пен Айтуар Нұржанов мергендіктерімен көзге түсті.

Нәтижесінде біздің құрама өз тобында үшінші орын алып, плей-офф кезеңінде Беларусь құрамасымен кездесті. Бұл текетіресте соңғы бесінші орын иегері анықталды. Матч Георгий Верещагиннің шәкірттерінің басымдығымен өтіп, 4:1 есебімен командамыз жеңіске жетті. Гол авторлары Даниил Дронов, Айтуар Нұржанов және Әлішер Сәркенов. Осылайша Қазақстан қлттыө құрамасының жас хоккейшілері жалпы есепте 5-орынға ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу