Азия чемпионаты: Қазақстанның 9 боксшысы финалға шықты

116

U19 жас санатындағы құрлық біріншілігінде қазақстандық спортшылар тоғыз алтын медаль үшін бақ сынасады.  

Азия чемпионаты: Қазақстанның 9 боксшысы финалға шықты Фото: olympic.kz

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан бокстан U19 және U23 жас санатындағы Азия чемпионатында U19 боксшыларының жартылай финалдық жекпе-жектері аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының тоғыз спортшысы финалға жолдама алып, алтын медаль үшін бақ сынайды. Олар: Әділ Асқанбай (50 келіге дейін), Ақжүрек Қалабай (65 келіге дейін), Камила Оспанова (70 келіге дейін), Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Айдана Убайдуллақызы (80 келіге дейін), Тимур Тайбеков (80 келіге дейін), Руслан Ахметов (85 келіге дейін), Зарина Толыбай (80 келіден жоғары) және Владислав Саможонов (90 келіден жоғары).

Ал Мадира Жұмақан (48 келіге дейін), Едіге Нұрғожа (55 келіге дейін), Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Айсұлу Мұхит (65 келіге дейін) және Жалғас Утебеков (90 келіге дейін) жартылай финалда жеңіліп, чемпионатты қола жүлдемен аяқтады.

U19 жас санатындағы финалдық жекпе-жектер 15-16 шілде күндері өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу