Азия чемпионатында белдесетін балуандарымыз белгілі болды

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
3202

​23-28 сәуір күндері Қытайда күрес түрлерінен 2019 жылғы Азия чемпионаты өтеді.

Азия чемпионатында белдесетін балуандарымыз белгілі болды Фото: unitedworldwrestling.org

Күрес түрлерінен Құрлық біріншілігі 1979 жылдан бері өткізіліп келеді. Ал әйелдер арасындағы Азия чемпионаты 1996 жылдан бастап ұйымдастырылып жүр. Қазақстан балуандары осы жылдар аралығында 62 алтын, 67 күміс, 105 қола медаль еншілеп, барлығы 234 жүлдемен бейресми командалық есепте 4-орында тұр. Алдымызда – Иран, Жапония және Корея балуандары. 

Сиянь қаласында өтетін биылғы Азия чемпионатын еркін күрес шеберлері бастайды. Олардан кейін боз кілемге қыз-келіншектер шығады. Құрлық біріншілігін грек-рим күресі балуандары аяқтайды. Қазақстан құрамасының бапкерлері ел намысын қорғайтын балуандар тізімін жариялап та қойды.

Еркін күрес
Мейрамбек Қартбай (57 келі), Бауыржан Төребек (61 келі), Дәулет Ниязбеков (65 келі), Нұрқожа Қайпанов (70 келі), Данияр Қайсанов (74 келі), Ғалымжан Өсербаев (79 келі), Әділет Дауланбаев (86 келі), Ералы Абдрашев (92 келі), Әлішер Ерғали (97 келі), Олег Болтин (125 келі).

Бас бапкер – Әсет Серікбаев.

Әйелдер күресі
Валентина Исламова (50 келі), Татьяна Ахметова (53 келі), Марина Седнева (55 келі), Эмма Тисина (57 келі), Мадина Бақбергенова (59 келі), Аяулым Қасымова (62 келі), Айна Теміртасова (65 келі), Ирина Казюлина (68 келі), Жәмила Бақбергенова (72 келі), Гүлмарал Еркебаева (76 келі).

Бас бапкер – Нұрлан Аманқосов.

Грек-рим күресі

Қорлан Жақанша (55 келі), Мейрамбек Айнағұлов (60 келі), Құдайберген Тұрсынов (63 келі), Мейіржан Шермаханбет (67 келі), Демеу Жадыраев (72 келі), Темірлан Шадуқаев (77 келі), Мақсат Ережепов (82 келі), Азамат Құстыбаев (87 келі), Әлімхан Сыздықов (97 келі), Дамир Күзембаев (130 келі).

Бас бапкер –  Нұрым Дүйсенов.

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу