Ташкентте (Өзбекстан) маунтинбайктан 2026 жылғы Азия чемпионаты басталды. Құрлық біріншілігінің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы XCC дисциплинасында қазақстандық Юлия Ли қола медаль иеленіп, жарыс қорытындысы бойынша үздік үштікке енді.
Аталған сында Қытай спортшысы Ван Тин чемпион атанса, оның командаласы Гун Сыин күміс жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, Азия чемпионатында Қазақстан намысын сегіз спортшы қорғауда. Дода 27 маусымға дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу