Азия ойындары-2026 Рината Сұлтанова тасжолдағы велоспорттан үздік ондыққа енді

55

Топтық жарыста үш қазақстандық спортшы сынға түсті.  

Азия ойындары-2026 Рината Сұлтанова тасжолдағы велоспорттан үздік ондыққа енді Фото: olympic.kz

Аичи-Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында тасжолдағы велоспорттан әйелдер арасындағы топтық жарыс аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан сапынан Рината Сұлтанова, Елизавета Склярова және Виолета Казакова бақ сынады.

Рината Сұлтанова 2 сағат 52 минут 41 секунд нәтижесімен сегізінші орын алды. Елизавета Склярова 2:55:52 көрсеткішімен 15-орынға, ал Виолета Казакова 2:58:00 нәтижесімен 23-орынға тұрақтады.

Жарыста Қытай өкілі Ли Го 2:50:05 уақытпен алтын медаль жеңіп алды. Ауғанстан спортшысы Фариба Хашими күміс жүлдеге ие болса, Гонконг өкілі Леунг Вин Ии қола медаль алды.

Айта кетейік, бұған дейін Рината Сұлтанова жекелей уақытқа жарыста чемпион атанған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу