Азия ойындары қарсаңында Қазақстанның туы көтерілді

247

Аичи–Нагоя Азия ойындарына Қазақстаннан 558 спортшы қатысады.  

Азия ойындары қарсаңында Қазақстанның туы көтерілді Фото: kaz.inform.kz

Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындары қарсаңында қатысушы елдердің ұлттық делегацияларын қарсы алуға арналған салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үш күнге созылған мемлекеттік туларды көтеру рәсімінің соңғы күнінде Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Шри-Ланка, Ливан, Таиланд және Филиппин делегациялары қатысты.

Салтанатты шара барысында аталған елдердің мемлекеттік тулары көтеріліп, ұлттық әнұрандары орындалды. Сонымен қатар делегациялар мен жарыс қожайындары естелік сыйлықтармен алмасты.

Іс-шара соңында Комитет төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев дәстүрлі ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.

ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 558 спортшы бақ сынайды. Отандастарымыз жарыс бағдарламасына енген 43 спорттың 35 түрінен жүлдеге таласады.

ХХ жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді. Жекелеген жарыстар Токио мен Осака қалаларында, сондай-ақ Сидзуока және Гифу префектураларында ұйымдастырылады.

Ойындардың ресми ашылу салтанаты 19 қыркүйекте Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу