Азия ойындары: Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен плей-оффқа шықты

291

G тобындағы соңғы кездесуде қазақстандық спортшылар Лаос құрамасын 3:1 есебімен жеңді.  

Азия ойындары: Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен плей-оффқа шықты Фото: t.me/DRSQazaqstan

Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында үстел теннисінен ерлер арасындағы командалық жарыстың топтық кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Бангладешті 3:0, ал Сингапурды 3:1 есебімен ұтқан болатын.

Осылайша, ұлттық құрама топтық кезеңдегі үш кездесудің барлығында жеңіске жетіп, турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Қазақстан сапында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Санжар Жұбанов өнер көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу