Осылайша, бокстан Қазақстан ерлер және әйелдер құрамаларының Азия ойындарындағы жарыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Азия ойындарында алдын ала іріктеу кезеңі 21-26 қыркүйек аралығында өтеді.
Сондай-ақ, 27-28 қыркүйекте ширек финал, 29-30 қыркүйекте жартылай финал және ақтық айқастар 2 қазанға белгіленген.
Әйелдер құрамасында Алуа Балқыбекова (51 келі) іріктеу кезеңін екінші сатысынан бастайды. Ол 1/8 финалда Сакши Чаудхари (Үндістан) – Аира Виллигас жұбының жеңімпазымен жолығады.
Ал 1/8 финалда Назым Қызайбай (54 келі) қытайлық Ксуа Жао, Виктория Графеева (60 келі) қытайлық Линь Юй-Тинмен мықтыны анықтайды.
Сондай-ақ 1/4 финалда Аида Әбікеева (65 келі) Шу Ли (Қытай) – Кусум Таманг (Непал) жұбының жеңімпазымен кездессе, Наталья Богданова (75 келі) өзбекстандық Азиза Зокировамен күш сынаспақ.
Ерлер құрамасында 1/8 финалда Махмұд Сабырхан (55 келі) Чон Рионг Со (Солтүстік Корея) – Мехди Каземи (Иран), Оразбек Асылқұлов (60 келі) Жун-ю Лин (Тайпей) – Донгхван Жанг (Оңтүстік Корея), Төрехан Сабырхан (70 келі), Дук Нгок Нгуен (Вьетнам) – Мохаммед Дбичи (Қатар) жұбының жеңімпазымен шаршы алаңға шығады.
Сондай-ақ 1/8 финалда Сабыржан Аққалықов (80 келі) Оңтүстік Корея боксшысы Минсеонг Ким, Нұрбек Оралбай (90 келі) ауғанстандық Силаб Нуримен шеберлік байқасса, Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) 1/4 финалда Мирзакир Кошалиев (Қырғызстан) – Довлет Исламов (Түркіменстан) жұбының жеңімпазын күтіп алмақ.