Қазақстандық үстел теннисі шеберлері ширек финал жолдамасы үшін сынға түседі

247

​Жапонияның Айти префектурасына қарасты Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының үстел теннисі турнирі жалғасуда.

Қазақстандық үстел теннисі шеберлері ширек финал жолдамасы үшін сынға түседі Фото: Ұйымдастырушылардан

Қазақстанның ерлер құрамасы топтық кезеңді сәтті аяқтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжигулов, Санжар Жұбанов және Искендер Харкиден құралған команда Бангладешті 3:0, Сингапурды 3:1 және Лаосты 3:1 есебімен жеңіп, өз тобында 1-орын иеленді.

Енді қазақстандық спортшылар ширек финалға шығу үшін Бахрейн құрамасымен кездеседі.

Қазақстанның әйелдер құрамасы топтық кезеңде Корея құрамасына 0:3 есебімен есе жіберіп, Мальдив құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Зауреш Акашева, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Қошқұмбаева, Альбина Жақсылықова және Ангелина Романовскаядан құралған команда топта 2-орын алды.

Енді қазақстандық спортшылар ширек финал жолдамасы үшін Өзбекстан құрамасымен кездеседі. Матч жеңімпазы жарыстың ширек финалына жолдама алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу