Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының бес боксшысы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
28 қыркүйекте Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта қытайлық Жаенг Шинмен жұдырықтасып, тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті. Осылайша ол жарыстың жартылай финалына өтті.
Бұған дейін Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (75 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) жартылай финал жолдамасына ие болған.
Ал Нұрбек Оралбай (90 келі) 1/8 финалда өзбекстандық Турабек Хабибуллаевтан жеңіліп, жарысты аяқтады.
Қазақстан құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (80 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі) және Аида Әбікеева (55 келі) де жүлде үшін күресті тоқтатты.
Қазақстандық боксшылар Азия ойындарында соңғы рет 2014 жылы Инчхонда алтын медаль жеңіп алған. Ал 2018 жылы Джакартада және 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан боксшылары алтын жүлдеге қол жеткізе алмады.