Азиядағы тағы бір ел Қазақстаннан мұнай алғысы келеді

507

12 сәуір, жексенбі күні Оңтүстік Кореяның өнеркәсіп министрі Ким Чжон Кван осылай мәлімдеді.  

Азиядағы тағы бір ел Қазақстаннан мұнай алғысы келеді Фото: t.me/kmgpress

Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай жеткізу туралы келісімге жақындап қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Reuters агенттігінің жазуынша, өнеркәсіп министрі Ким Чжон Кван Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты ел балама энергия көздерін іздеп жатыр.

"Айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткіздік, сондықтан келесі аптаның басында нақты көлемдер мен келісімнің егжей-тегжейін жариялай аламыз", – деді министр.

Сеул мұнайдың 70 пайызын Таяу Шығыстан алады. Бүгінде бұл тізбектер үзілген. Соққы тек жанармай бекеттеріне ғана емес, бүкіл мұнай-химия саласына тиді. Дағдарысты елдегі әрбір тұрғыны сезініп жатыр. Жүргізушілер қымбат жанармай сатып алуға мәжбүр. Тіпті киім жуудың өзі арзанға түспей тұр. Химиялық тазалау қызметтерінің бағасы өсті. Мұнайдан өндірілетін құрғақ тазалауға арналған еріткіш – сольвенттің құны екі есе артты.

Айта кетейік, бұған дейін Жапония да мұнайды Қазақстаннан тасуға мүдделі екенін білдірген. INPEX жапон компаниясы Орталық Азияда өндірілетін мұнайдың бір бөлігін елдің ішкі нарығына бағыттауға дайын екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу