"Байбек дұрыс істеп отыр", "Назарбаеваны жақсы көрем" – Санжар Боқаев

1632

Парламент Мәжілісіне үміткер Санжар Боқаев кезінде Назарбаев жүйесін белсенді қолдайтын, деп хабарлайды inbussines.kz

"Байбек дұрыс істеп отыр", "Назарбаеваны жақсы көрем" – Санжар Боқаев

Сайлау қарсаңында саяси белсенді, кәсіпкер Санжар Боқаевтың 2014 жылдардағы твиттердегі жазбаларын тағы бір шолып шықтық. Сол кездердегі жазбаларына қарасақ, Боқаев Назарбаевты көріп жан-дүниесі тыныштық тапса, Дариға Назарбаеваның ақылдылығына ерекше сүйісінген.

"Алматының ескі алаңында Н.Ә. Назарбаев сөйлеп жатыр. Тың көрінеді. Жаным тынышталып қалды", - деп жазады Санжар Боқаев 2013 жылғы твиттердегі жазбаларының бірінде. 

Еске салайық, ол 2012-2014 жылдары Алматы қаласы әкімдігінің Жастар саясаты басқармасын, одан кейін бір жыл ішкі саясат басқармасын басқарды. 

2015 жылдың 24 тамызында Санжар Боқаев Алматы әкімдігі қызметінен кететінін мәлімдеді. Кейбір дереккөздерде оның қол астындағы әйел қызметкерге сексуалды қысым көрсеткендігі айтылады. 

"Мен Алматы әкімдігіндегі жұмысымды аяқтауды шештім. Ең алдымен Ахметжан Смағұлұлы Есімовке үлкен мектеп, тәжірибе үшін алғыс айтамын. Түсініп, қолдау көрсеткен Бауыржан Қыдырғалиұлына алғыс айтамын, осындай қиын салада сәттілік пен табыс тілеймін. Барлық әріптестеріме және бірге жұмыс істеу бақытына ие болған азаматтарға рахмет", - деп жазды Боқаев әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Бұрынғы шенеунік, қазіргі кәсіпкер әлеуметтік желілерде мемлекеттік жобаларды сынаумен танылған.

Саясаткер құжаттарын мажоритарлық тәртіп бойынша Алматы қаласынан өткізген.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу