Бақтиер Зайнутдинов: "Ұзақ уақыт ойнауға мүмкіндік бермеген жарақатымнан айықтым"

1476

Қазіргі таңда Бақтиер Зайнутдинов Ресейдің ЦСКА футбол клубында нәтижелі өнер көрсетуде.

Бақтиер Зайнутдинов: "Ұзақ уақыт ойнауға мүмкіндік бермеген жарақатымнан айықтым"

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов ЦСКА клубының баспасөз қызметіне берген сұхбатында өзінің осы маусымдағы ойынына баға берді, сондай-ақ "Нижний Новгород" қақпасына соққан голы жайлы пікір білдірді.

- "Урал" және "Крылья Советовпен" болатын матч алдында сіз біздің басқа жігіттер сияқты ұлттық құрамаға жол тарттыңыз. Жаттықтырушыларға, сондай-ақ дәрігерлерге халықаралық үзілістен кейін команданы бабына келтіру қиын болады. Біреу ойнайды, ал біреу қосалқы құрамда отырады, кейбіреулер жол жүру үшін көп уақыт өткізді дегендей... Сіз мұндай жүктемелерге қалыпты түрде төтеп бере аласыз ба?

- Дұрыс айтасыз, мұның бәрі болады. Бірақ мен жаспын. Сондықтан төтеп беруге міндеттімін. Бас бапкер, мүмкіндігінше, бізге әрқашан бір күн демалыс береді. Біз ұйықтап, өзімізді тәртіпке келтіреміз. Бұл көп көмектеседі және біз мұндай тығыз кестеге үйреніп, онымен өмір сүреміз. Ең қиын жағдай коронавирус ушыққан кезде болды. Өйткені тікелей рейстер болмағандықтан, екі-үш рет ұшақ ауыстыруға тура келді. Қуанышымызға орай қазір шекаралар ашылды. Ұлттық құрамамен Шотландияға бір рет ұштық, жеті-сегіз сағат жүрдік, нақты есімде жоқ. "Астана" сапында Еуропа лигасы аясында "Спортингпен" ойнау үшін Португалияға бардық. Мұнда тұрған ештеңе жоқ. Мен тез қалыпқа келемін.

- Команда (ЦСКА) үшін маусымның алғашқы бөлігіне қалай баға бересіз?

- Шынымды айтсам, біз күткендей басталған жоқ. Ұпай жоғалттық, бірақ соңғы төрт-бес кездесуде жақсы ойнап, өз-өзімізге келдік. Мен ұзақ уақыт ойнауға мүмкіндік бермеген жарақатымнан айықтым. Енді командамен бірге алға жылжып, ұпай жинағым келеді.

- Осы уақытқа дейін есіңізде қалған матчты айта аласыз ба?

- "Спартакпен" болған дерби. Біздің жанкүйерлер үшін бұл матчта жеңіске жету өте маңызды болды. Біз жеңісті жұлып алып, оларды қуанттық. Бұған дейін мен ЦСКА-мен де, "Ростовпен" де чемпионатта "Спартакты" жеңген едік. Тек Кубокте ғана ұтылдық. Айтпақшы, Ресейдегі алғашқы дублімді дәл осы "Спартакпен" болған матчта жасадым.

- "Нижний Новгородқа" соққан голыңыз туралы айтсаңыз.

- (Күлді) Ильза қыстан бері жаттығудан кейін қалып, жұмыс істейтінінімізді бекер айтпады. Мен баспен гол салғым келді. Бірақ кешіккенімді түсіндім. Сондықтан алға қарай құладым және доптың жамбасыма тигенін сездім. Айналып қарасам гол екен. Мен қатты таң қалдым! Бұл менің жүзімнен-ақ айқын көрінген болар.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов өнер көрсететін ЦСКА соңғы ойында 23 қазан күні Самараның "Крылья Советов" командасын жеңді. Қарсыластардың кездесуі Мәскеуде Ресей чемпионатының 12-ші туры аясында өтіп, 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Ал Зайнутдинов алаңға негізгі құрамда шығып, матчтың соңына дейін командасына жеңіске жетуге көмектесті. 12 кездесуде 23 ұпай жинаған ЦСКА РПЛ-дың турнирлік кестесінде үшінші орынға көтерілді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу