Бақыт Сейдіш бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

139

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер басталды.

Бақыт Сейдіш бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды Фото: ҚБФ

Қазақстан құрамасынан алғаш болып рингке Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Финалда оның қарсыласы үндістандық Арундхати Чаудхари болды.

Бірінші раундта қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші үшминуттықтан кейін Чаудхари есепте алға шықты. Жекпе-жектің тағдыры үшінші раундта шешілді.

Нәтижесінде, қарсыласы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бақыт Сейдіш Азия чемпионатын күміс медальмен аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу