Балуан Мерей Базарбаев U23 әлем чемпионатының финалына өтті

199

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты жалғасуда.

Балуан Мерей Базарбаев U23 әлем чемпионатының финалына өтті Фото: olympic.kz

Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта Мерей Базарбаев финалға жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумені 7-0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. 

Осылайша Мерей Базарбаев алтын жүлде үшін бақ сынайды. Оның финалдағы қарсыласы түркиялық Бекир Кесер болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу