Балуан Нұрасыл Асамбек U20 әлем чемпионатында қола медальға ие болды

155

Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен U20 жас санатында әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Балуан Нұрасыл Асамбек U20 әлем чемпионатында қола медальға ие болды Фото: olympic.kz

Әлем біріншілігі аясында Нұрасыл Асамбек 57 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз қола жүлде үшін өткен белдесуде өзбекстандық Улугбек Рашидовты айқын басымдықпен жеңді.

Сондай-ақ Бейбарыс Ерғали 92 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде АҚШ өкілі Джеймс Мастниге жол берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу