Бапкер Қайрат Сәтжановқа Астанадан пәтер мен қымбат көлік сыйға берілді

108

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Бапкер Қайрат Сәтжановқа Астанадан пәтер мен қымбат көлік сыйға берілді Фото: ҚБФ

Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Қызайбаев тәжірибелі маман Қайрат Сәтжановқа Toyota Land Cruiser 300 автокөлігінің кілтін табыстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ, енді Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарған Қайрат Сәтжановқа федерация тарапынан Астанадан үш бөлмелі пәтер сыйға берілді. Бұл – оның отандық бокстың дамуына қосқан көпжылдық еңбегіне берілген жоғары баға.

Айта кетейік, Қайрат Сәтжанов Қазақстанның бокс құрамасын екі мәрте басқарды. Алғашқы кезеңі 2021 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы қаңтарға дейін созылса, екінші рет 2024 жылдың тамыз айынан бастап бас бапкер қызметіне кіріскен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу