Бәріміз Президенттің жоғары сенімін ақтауымыз керек – Бектенов

287

Үкімет отырысы өтті.  

Бәріміз Президенттің жоғары сенімін ақтауымыз керек – Бектенов Фото: primeminister.kz/

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің жұмысы озық қарқынмен жүруі керек екенін баса айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа Конституция заңды күшіне еніп, мемлекетіміз саяси және экономикалық жаңғыруға қадам басқан тарихи кезеңде еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін бәріміз жан-жақты шараларды қабылдауға міндеттіміз, деді Үкімет басшысы.

"Барлық бағыт пен салалар бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүйелі әрі кешенді түрде жүзеге асыру қажет. "Заң мен Тәртіп" және "Таза Қазақстан" конституциялық қағидаттары әрдайым биік тұруы тиіс. Үкіметтің жұмысы кешенді шараларды қабылдай отырып, озық қарқынмен жүруі керек. Қазір толық жауапкершілікті мойнымызға алып, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті шешімдерді жедел қабылдайтын уақыт. Бәріміз Президенттің жоғары сенімін толығымен ақтауымыз керек", – деді Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу