"Барселона" бүгін Испан примерасын бастайды

2547

Бүгін түнде Испан Ла-лигасы бастауын алады. Алғашқы матчты "Барселона" мен "Атлетик" Бильбао ойнайды.

"Барселона" бүгін Испан примерасын бастайды

"Барселонаның" көптеген қазақстандағы жанкүйерлері бұл ойынды тағатсыздана күтіп отырғаны рас. Алайда, бір кілтипаны сол бұл матчқа Леонель Месси қатыспайды. Аргентиналық аңыз ойыншы балтырын жарақаттап алып, соның емімен жүр. Тіпті, дәрігерлердің айтуынша ол екінші тур ойынына да қатыспай қалуы ықтимал. Дегенмен, онсыз да "Барселонаның" ойыншылар құрамы өте күшті. Әсіресе жуырда ғана командаға келген Антуан Гризманн өзін көрсетуі тиіс.

Алайда, "Атлетик" командасы да осал емес. Жабық ойын үлгісін көрсетіп, қорғанысты мықтап бекітетін баск ойыншылары өткен маусымда "Барселонамен" 0:0 тең ойнаған. Сонымен қатар, биылғы оқу-жаттығу жиындарында 3 ойынды тең өткізді. Италияның "Ромасымен", Лондон қаласының "Вэст Хэм" командасымен, сосын Испанияның "Нумансия" командаларымен тең ойнап шықты. Ал әлемдегі көптеген сәуегейлер бұл ойынның жалпы тоталы 2,5-тен кем болады деп отыр. Яғни матч бойы 3 гол соғылмайды дейді.

Айта кетейік 1-тур матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 01-00-де басталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу