Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы "King Abdullah Sports City" стадионында өткен кездесу 3:2 есебімен аяқталды. "Барселона" сапында Рафинья дубль жасап, Роберт Левандовски бір голдың авторы атанды. Ал "Реал" құрамында Винисиус Жуниор мен Гонсало Гарсия мергендік танытты.
90+1-минутта "көк-алақызылдардың" жартылай қорғаушысы Френки де Йонг қызыл қағаз алды.
Осылайша, "Барселона" Испания Суперкубогын 16-рет жеңіп алды. Ал "Реалдың" еншісінде 13 трофей бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу