"Барыс" айдынға қайта оралды

1431

Екі апталық карантиннен кейін "Барыс" Құрлықтық Хоккей Лигасының тұрақты чемпионатына қайта оралды.

 "Барыс" айдынға қайта оралды

"Барыс" 17 қыркүйектен бастап екі апталық карантинде болды. Континентальды хоккей лигасының тұрақты чемпионатында сырт алаңда және Қазақстанда өткен алты матчтан кейін бірнеше ойыншыдан және жаттықтырушылар штабының мүшелерінен коронавирус анықталды. Бастапқыда 12 жағдай туралы айтылған. Бірақ кейін Денсаулық сақтау министрлігі тек 11 адамнан диагноз расталғанын айтты. Команда екі апталық карантинге кетіп, кездесулерді (осы екі аптада "Барыс" алты ойын өткізуі керек еді) ҚХЛ басшылығы кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

Чемпионаттағы соңғы матчты команда 14 қыркүйекте өткізген. Ол кезде сериядағы ойында ЦСКА 1: 2 есебімен жеңіліп қалған болатын. Ұзақ уақытқы үзіліс "Барыстың" плей-оффтан шығып қалуына алып келді. Қазіргі уақытта елордалық клуб Шығыс конференциясының кестесінде 10-орында тұр. Сонымен бірге клубтың резервте өте көп матчтары бар. "Барыс" мұз айдынында дайындықты өткен сенбіде бастады. Себебі бүгін, 4-қыркүйек елордалық клуб Санкт-Петербургтың СКА хоккей командасына қарсы кездесу өткізеді. Ойыншылардан Линус Виделль мен Мэтт Фрэттин Құрлықтық Хоккей Лигасында ең көп гол соққандар қатарында көш бастап тұр. "Барыс" сапында жарақат алған хоккейшілер әзірге жоқ.

Ал СКА командасына келер болсақ, олар Хабаровскіде жұма күні жергілікті "Амурды" 3:1 есебімен жеңіп, бірден Қазақстанға келді. Гол авторлары  Владимир Ткачев, Иван Володин және чемпионаттың 17 жастағы дебютанты Никита Чибриков. Айта кететін бір жәйт, СКА өзінің соңғы матчтарын Лиганың ең жас құрамымен өткізді. Санкт-Петербург командасының негізгі ойыншыларының көпшілігі, яғни 18 хоккейші, оның ішінде Линден Вей, Миро Аалтонен, Йоонас Кемппайнен және Антон Бурдасовтар жарақат алған. Валерий Брагин шәкірттерінің ойынына қатыса алмайды. Оның орнына Лев Бердичевский жаттықтырушының міндетін атқарады. Батыс конференциясының кестесінде СКА 12 ойын өткізіп, 18 ұпаймен 2-орында тұр.

Кездесу бүгін, 17:00-де "Барыс Аренада" өтеді. Сонымен қатар коронавирусқа байланысты жанкүйерлер ойынды тек теледидардан тамашалай алады. Кездесуді тікелей эфирден Qazsport телеарнасы таратады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу