"Барыс" аутсайдер команданың тас-талқанын шығарды

571

Елордалық команда өз алаңындағы қысқа матчтар сериясын "Нефтехимикке" қарсы өткен ойынмен аяқтап, 8:0 есебімен жеңіске жетті.

"Барыс" аутсайдер команданың тас-талқанын шығарды Фото: hcbarys.kz

Қонақта өткізген соңғы матчта нижнекамскілік ұжым "Авангардтан" 1:5 есебімен жеңіліп қалды. "Нефтехимик" соққан жалғыз голдың авторы Андрей Белозеров болды. Ол финалдық үшінші кезеңнің басында командасын ойынға қайтарды. Бүгінгі таңда "Нефтехимик" Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде соңғы орында тұр. Алты кездесуден кейін командада небәрі үш ұпай бар.

"Барыс" сенбі күні жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Андрей Скабелка шәкірттері өз алаңында "Адмиралды" ұтты – 4:3. Өткен маусымда "Барыс" пен "Нефтехимиктің" төрт кездесу өткізіп, оның  үшеуінде Нижнекамск командасы жеңіске жеткен.

Қос команда арасындапғы кезекті матчта ұзақ уақыт жарақатынан емделген Әділ Бекетаев  айдынға шықты. Айдын иелері бірінші соққымен есеп ашты. Кездесудің 13-секундында Джозеф Лабэйт "Нефтехимиктің" қақпашысы Андрей Тихомировты қапы қалдырды. Арада үш жарым минут өткенде Нельсон Ножье көк сызықтан қақпаны дәл көздеді. Содан кейін есеп айтарлықтай ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз қалды. Бірақ, екінші үзіліске аз уақыт қалғанда Самат Данияр мен Джозеф Лабэт Райли Барберге гол соғуға көмектесті. Есеп 3:0.

Матчтың 43 және 54-минуттарында Оберг көзге түсті. 46-минутта Ла-Бейт те дубль авторы атанды. 56-минутта Логвин есепті 7:0-ге жеткізсе, Әлихан Әсетовтың көмегімен гол соққан Өмірбеков ойынның нүктесін қойды. Қорытынды есеп 8:0. Осылайша қазақстандық команданың жаңа маусымдағы ірі жеңісі тіркелді. Андрей Шутов қақпаға бағытталған 31 соққыны тоқтатып, биылғы маусымда екінші рет қақпасына гол жібермеді. Енді 21 қыркүйекте Андрей Скабелка шәкірттері Мәскеуде "Спартакпен" кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу