"Барыс" "Авангардты" жеңді

1576

"Барыс" сырт алаңдағы матчтар сериясын "Авангардпен" өткен кездесумен аяқтады.

"Барыс" "Авангардты" жеңді

Дүйсенбі күні омбылық ұжым "Куньлунь" командасын 5:1 есебімен жеңді. Гол авторлары Кирилл Семенов, Александр Хохлачев, Корбэн Найт және дубль жасаған Иржи Секачтар болды. Қақпашы Шимон Грубец 37 соққыны қайтарды. Нәтижесінде Боб Хартлидің шәкірттері Шығыс конференциясында екінші сатыға жайғасты.

Ал "Барыс" өткен матчында овертаймда "Торпедоны"  3:2 есебімен жеңді. Негізгі уақытта Мэттью Фраттин мен Даррен Диц көзге түсті. Овераймда Якоб Лилья командасына жеңіс сыйлады.

"Барыс" пен "Авангард" арасындағы тұрақты чемпионаттың төрт матчының алғашқысы қараша айында Қазақстан астанасында өтті. Ол ойында омбылықтар 5:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Бұл жолғы кездесуде "Барыс" өзінің жеңістер сериясын төртінші жеңіске дейін ұзартты. Қонақтар арасынан Джесси Блэкер ұзақ уақыттан соң алғаш рет жарақатынан айығып, айдынға қайта оралды. Ойын басталысымен 74 секундтан кейін "Барыс" есеп ашты. Михайлис пен Старченко біріге отырып, қарсыластар қақпасына шабуылдап, Старченко шайбаны Грубек қақпасына дәл бағыттады. Осыдан кейін айдын иелері өте тез жауап берді. Семенов та есепті теңестірді. Ал екінші кезеңнің соңында есеп 2:1 жетті. Вароненің тамаша пасынан кейін Лилья гол соқты. Шешуші кезеңнің соңында Вароненің өзі матчқа нүкте қойды. Нәтижесінде 3: 1 есебімен "Барыс" жеңіске жетті.

 "Авангард" – "Барыс" 1:3 (1:1, 0:1, 0:1)

0:1 – 01:14 – Старченко (Михайлис) ГБ

1:1 – 07:49 – Семёнов (Чудинов, Береглазов) ГБ

1:2 – 39:23 – Лилья (Вароне) ГБ

1:3 – 57:41 – Вароне (Фрэттин)

Юрий Михайлис шәкірттері келесі матчты 26-желтоқсанда өткізеді. Өз алаңында "Барыс" Хабаровскінің "Амур" хоккей клубын қабылдайды. Балашихадағы жеңістен кейін елордалық клуб Шығыс конференциясында сегізінші орында қалды. Бірақ, әлі тағы үш ойын өткізуі тиіс. Ал, "Авангард" екінші орынды сақтап қалды.

Ермұхамед Мәулен 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу