"Барыс" "Автомобилистке" жол берді

938

"Барыс" сырт айдындағы ойындар сериясында "Автомобилистпен" кездесіп, 2:0 есебімен жеңіліс тапты.

"Барыс" "Автомобилистке" жол берді Фото: hcbarys.kz

Николай Заварухиіннің шәкірттері кезекті матчты Шығыс конференциясының көшбасшысы әрі бес ойын бойы қатарынан ұпай жинап келе жатқан команда ретінде бастады. Өткен сенбіде "Автомобилист" "Витязьді" 4:1 есебімен тізе бүктірді. ҚХЛ үздік сұрмергені Брукс Мэйсек (21+12) дубль жасап, осы маусымда 20 гол соққан алғашқы ойыншы атанды. Ол соңғы алты матч бойы нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп келеді. Сондай-ақ Данил Романцев пен Олег Ли бір-бір нәтижелі соққыдан өз есептеріне жазды. Қақпашы Игорь Бобков 35 соққыны кері қайтарды. "Автомобилист" командасының бас бапкерішәкірттерінің сырт алаңдағы ойынына көңілі толатынын жеткізді және команда көшбасшыларының бірі Мэйсектің жеңіске қосқан үлесі туралы ерекше атап өтті. 

"Автомобилист" 29 матчта 40 ұпай жинады. Конференциядағы көшбасшылығынан бөлек, биыл команда гол соғу көрсеткіші бойынша (92) Лигада екінші орында тұр. Стефан да Коста ҚХЛ нәтижелі пас берген ойыншыларының топ-3 қатарына кіреді. Команданың жарақат алғандар тізімінде қорғаушы Денис Баранцев, сондай-ақ шабуылшылар ПатрисКормье, Алексей Макеев пен Сергей Широков бар. 

"Барыс" соңғы ойынына "Салават Юлаевқа" қарсы өткізіп, уфалық команданы 2:0 есебімен жеңуінің арқасында плей-офф аймағына қайта оралды. Егор Петухов ерекше шайбасымен көзге түсіп, жеңіс голының авторы атанды. Қазақстан құрамасы шабуылшысы осы маусымда 9 шайба соқты. Сонымен қатар, Аркадий Шестаков та өзінің нәтижелі соққылар есебін тағы бір шайбаментолықтырды. Юлиус Гудачек астаналық команда сапында екінші "шатаутын" жасап, 26 соққыға тосқауыл болған. Қазақстандық команданың ең үздік ассистенті Джесси Грэм өзінің сегіз матчтантұратын ұпайсыз сериясын үзді. Андрей Скабелкашәкірттерінің қорғаныста қарсыласқа артық мүмкіндік бермей ойнағанын атап өтті. Осы маусымдағы 30 матчында "Барыс" 28 ұпай еншіледі. Команда сапындағы ең үздік сұрмерген Линден Вей (12+7) қараша айындағы екі ойындағана ұпай жинаған. Никита Михайлис жарақат алғандар тізімінде қалды. Уфадағы матчтажарақат алған Майкл Шапюдің ойынға қатыспау ықтималдығы жоғары.

"Барыс" "Автомобилистпен" маусымдағы бірінші бетпе-бет кездесуін өз алаңында өткізіп, 2:0 есебімен жеңген. Ал бұл жолы айдын қожайындары есе қайтарды. Матч алдында қонақтар құрамында бір ғана өзгеріс орын алды. Жарақат алған Майкл Шапюдің орнын Әлихан Әсетов басты. Алғашқы жиырма минуттық екі команданың тең әрі қарқынды ойынымен есте қалды. Ник Эберт жойқын соққысымен Юлиус Гудачектің қақпасын дәл көздеді. Қонақтардың қақпашысы қанша тырысқанымен, соққыны кері қайтара алған жоқ.

Матчтың екінші бөлігінде "Автомобилист" қарсыласының өз аймағындағы сылбыр ойынын қолданып, Брукс Мэйсек есепті еселеді. Өкінішке қарай, матчтың шешуші кезеңінде де астаналықтар өз ойынын таба алмай, ақыры Юхан Маттссонның қақпасына гол соққан жоқ.

19 қараша күні Андрей Скабелканың шәкірттері өз айдынында "Амурды" қабылдайды.

"Автомобилист" – "Барыс" 2:0 (1:0, 1:0, 0:0)

1:0 – 06:54 – Эберт (Гуркин, Голышев)

2:0 – 35:34 – Мэйсек (Кузнецов)

Қақпашылар: Маттссон – Гудачек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу