banner

"Барыс" бармақ батырды

1499

Қарсылас команданы аямай шабуылдаған елордалық клуб қарсылас қорғанысына лап қойды.

"Барыс" бармақ батырды

Сырт айдындағы кездесулердің біршамасын жеңіліп қалған "Барыс" қалың ұйқысынан енді оянғандай. "Барыс Аренада" өткен матчта айдын иелері Екатеринбург қаласынан келген "Автомобилистті" қабылдады. 800 шақырым жердегі ең жақын көршісі "Барысқа" мардымды қарсылық көрсете алмады. Есеп футболдағыдай, 2:0 болып аяқталды.

Бірінші периодта "Барыс" хоккейшісі Луис есеп ашып, айдын иелерін алға жетеледі. Ал екінші шайба араға 13 минут салып бір-ақ енді. Грэм мен Максимовтың пастарынан кейін Шестаков қарсылас қақпасынан саңлау тапты. Алғашқы кезеңді сәтті аяқтаған астаналықтар үзіліске керемет көңіл-күймен кетті. Екінші кезеңде "Барыс" сәл босаңсығанымен қақпасын қымтай білді. "Автомобилист" ойыншылары бұзақылық көрсетіп, ойын тәртібін жиі бұзды. Мысалы осы матчтағы пенальтилер уақыты соның айқын дәлелі болар еді. Ресейден келген команда 29 минут бойы айдында бір хоккейшіге аз ойнады. Ал астаналықтар болса небәрі 10 минут қана жаза өтеді. Мұның өзі де ойын мазмұнына қатты әсер етті.

Екі қақпашы Гудачек пен Галкин тамаша ойын өткізіп, аса қатты қателік жасай қойған жоқ. "Барыстың" шабуылдағы жігіттері шапшаң қимылдап көзге түсті. Ойыннан кейін бас бапкер Андрей Скабелка осы жағдайды тілге тиек етті.

– Біз бүгін қорғаныстан бөлек шабуылда да жақсы ойнадық. Шайба салмасақ ешқашан жеңіске жетпейтінімізді біліп шықтық. Сондықтан да, шабуылдағы жігіттерге алғыс айтамын. Ал қарсылас команданың шайба салмағаны бұл қорғаныстың зор еңбегі деп ойлаймын, – деді бас бапкер.

"Барыс" енді келесі кездесуін сырт айдында өткізеді. Ресейдің Чероповец қаласында "Северсталь" командасына қарсы шығады. Ойын 24 қыркүйекке жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу