"Барыс" бас бапкері орнында қалады

158

Ресейлік маман Михаил Кравец “Барысты” тағы бір жыл жаттықтыратын болды. 

"Барыс" бас бапкері орнында қалады Фото: Барыс ХК

“Барыс” хоккей клубы бас бапкер Михаил Кравецпен келісімшартты ұзартқанын мәлімдеді. Жаңа келісім 2027 жылдың 31 мамырына дейін есептелген.

Маманның жетекшілігімен елордалық клуб тұрақты чемпионаттың Шығыс конференциясында 10-орын алып, соңғы үш маусымдағы ең үздік нәтижесін көрсетті.

Ресейлік маман “Барыс” тізгінін 2025 жылдың тамыз айында қолға алған болатын. Қазақстанға келгенге дейін ол Қытайдың “Куньлунь” хоккей клубын жаттықтырған.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында "Барыс" жанкүйерлері бас бапкердің отставкаға кетуін, сондай-ақ басшылыққа ресми үндеу жасап, түбегейлі өзгерістер енгізуді талап еткен болатын. "Жанкүйер" қоғамдық бірлестігі "Барыс" клубының бас директоры Сәкен Мұсайбековтың атына ашық хат жолдап, бас бапкер Михаил Кравец пен оның жаттықтырушылар штабының отставкаға кетуін сұраған. Дегенмен клуб бас бапкермен келісімшартты 1 жылға ұзартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу