"Барыс" Беларусь құрамасымен тең түсті

1307

Бұл елордалық команданың Белорусь құрамасына қарсы өткізген екінші жолдастық кездесуі.

"Барыс" Беларусь құрамасымен тең түсті

"Барыс" хоккей клубы жолдастық кездесуде Беларусь құрамасымен тең түсті. Матч Минскіде өтіп, негізгі уақытта 4: 4 есебімен тең аяқталды. Кертис Волк бірінші минутта қазақстандық клубты алға шығарды. Бірақ 16 минутта Ник Байлен есепті теңестірді.

Командалар үзілістен кейін айдынға орала салысымен, Волк дубль жасады. Бірақ қарсыластар тағы да бірден есепті теңестіріп, небәрі екі минуттың ішінде алға шықты. Бұл жолы Алексей Протас ('25) пен Шейн Принс ('27) көзге түсті.

Үшінші кезеңнің басында "Барыс" хоккейшілері Алексей Зубов ('43) пен Никита Михайлистің ('45) шайбасының арқасында қарсыластың қақпасына екі рет гол соқты. Бірақ қазақстандық клуб басымдықты сақтай алмады. Матчтың 53-минутында Егор Шарангович есепті теңестіріп кетті.

Осылайша кездесу тең аяқталды. Командалар қатарынан екінші жолдастық кездесу өткізді. Бірақ, біріншісінен айырмашылығы, бұл жолы қосымша уақыт пен буллит болған жоқ.

Матч аяқталған соң елордалық клубтың бас бапкері кездесуге қатысты өз пікірін білдірді.

"Қос тарап та жақсы ойнады. Бүгін біз жеңіске жетуді көздедік. Қарсыластың шабуылына төтеп бердік. Қарсы шабуылдар ұйымдастырдық, гол соқтық. Енді алда демалыс күтіп тұр. Содан кейін біз коронавирусқа тест тапсырамыз.  Бір аптадай уақыт қана қалады. Біз "Салауат Юлаевқа" қарсы өтетін ойынға дайындаламыз", - деді Михайлис.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу