"Барыс" булитте мәскеулік "Динамодан" басым түсті

2096

Қазақстандық "Барыс" хоккей клубы Гагарин кубогі алдында екінші жолдастық кездесу өткізіп, мәскеулік "Динамоны" жеңді.

"Барыс" булитте мәскеулік "Динамодан" басым түсті

Юрий Михайлис бұл матчта айдынға келесі ойыншыларды шығарды: Бояркин (Ортио); Морроу-Мартинссон, Савицкий-Вей-Әсетов; Альсинг-Орехов, Михайлис-Волк-Лилья; Савченко-Шалапов, Берглунд-Куник-Петухов; Бекетаев-Данияр, Шайхмедденов-Сагадеев-Шестаков.

Елордалық хоккейшілер кездесудің 35-минутында 2:0 есебімен алға шықты. "Барыс" сапынан Коди Куник пен Валерий Орехов гол соққандарымен, басымдылықты сақтап қала алмады. Себебі мәскеуліктер таразы басын теңестіріп кетті. Кездесудің 38-минутында Прибыльский О'Деллдің шығарған пасын голға айналдырса, араға 38 секунд салып О'Делл мен Линдберг, Миронов тағы бір шабуыл ұйымдастырды. Нәтижесінде, "Динамо" сапынан Миронов Бояркин қорғайтын қақпаны дәл көздеді.

Екінші кезеңнің соңында Әлихан Әсетов "Барысты" алға шығарды (3:2). Бірақ ресейліктер тағы да есепті теңестіріп кетті. Ойынның 41-минутында Игумнов көзге түсті. Осылайша матч овертаймға ұласты. Овертаймда да жеңімпаз анықталмай, буллитте "Барыс" қарсыластарынан басым түсті (4:3 ОТ).

Матчтан кейін "Динамо" бапкері Александр Савченков қазақстандық "Барыспен" өткен ойын туралы пікір білдірді.

"Жалпы ойын барысы, хоккейшілердің қимыл-қозғалысы жағынан жаман матч болған жоқ. Командалар тең дәрежеде өнер көрсетті. Кейбір сәттерде "Барыс" алға шықса, кейде біздің ойыншылар басымдық танытты. Әсіресе үшінші кезеңде. Екінші кезеңде хоккейшілеріміз өз мүмкіндіктерін пайдалана алмай, кездесуді тең аяқтады. Бізде гол соғатын сәттер көп болды", деді Александр Савченков.

"Динамо" - "Барыс" 3:4 Б (0:1, 2:2, 1:0, 0:0, 0:1)

0:1 – 12:25 – Куник (Берглунд, Петухов)

0:2 – 34:09 – Лилья (Савицкий, Орехов)

1:2 – 38:53 – Прибыльский (О'Делл)

2:2 – 39:30 – Миронов (Линдберг, О' Делл)

2:3 – 39:43 – Әсетов (Савицкий, Вей)

3:3 – 41:47 – Игумнов (Волков)

3:4 – 65:00 – Альсинг Б

ҚақпашыларЕрёменко – Бояркин

Айта кетейік, бұған дейін "Барыс" Мәскеуде "Спартакты" 7:2 есебімен жеңген болатын. Қатарынан екі жолдастық кездесуде жеңіске жеткен "Барыс" келесі матчты 24 ақпанда Мәскеуде тағы да "Динамоға" қарсы өткізеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:00-де басталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу